2021 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында колледжде студенттік парламенттің спорт және салауатты өмір салтын қолдау фракциясының бастамасымен бес асықтан жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау және колледждің мықты спортшыларын анықтау.
Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте 266 топ студенті Анжела Беккер 1 орынды, 266 топ студенті Кладиева Анастасия 2 орынды, ал үшінші орынды 466 топ студенті Абраменко Маргарита иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да спортта табыс тілейміз.